Мені қолдаған Қазақстан халқына алғысымды айтамын - Екатерина Ларионова

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат - Алғыс айту күніне орай мені қолдаған Қазақстан халқына ризашылығымды білдіремін. Бұл туралы әйелдер күресінен Рио Олимпиадасының қола жүлдегері Екатерина Ларионова мәлім етті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі. 

«Сіздер мені тек жеңісті сәттерімде ғана емес, кейбір қиналған кездерімде де қолдап-қолпаштап келесіздер. Сіздер менімен әрдайым біргесіздер. Мұны мен ұдайы сезініп отырамын. Бәріңізді жақсы көремін. Өзім қадір тұтатын басшы қызметкерлерге де алғысымды айтамын. Қазақстанымыз өркендеп, алға баса берсін. Жеңісті күндерде жолыққанша!», деді «ҚазАқпарат» тілшісіне Екатерина Ларионова.

Айта кетейік, кішкентай күнінен әкесі Алексей жаттықтырып келе жатқан Екатерина қазір 23 жаста. Кадеттер мен жастар арасындағы көптеген додаларда олжа салған Е.Ларионова 2013 жылы Будапештте әйелдер күресінен әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды. Әрине, оның үлкен жеңісі - өткен жылғы Рио Олимпиадасында жүлдегерлер қатарынан көрініп, ел мерейін асқақтатуы.

 

Соңғы жаңалықтар