Мен латын әліпбиімен білім алғандардың бірімін - Бибігүл Төлегенова

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат  Мен 1940 жылдары латын әліпбиімен білім алғандардың бірімін. КСРО және ҚР Халық әртісі Бибігүл Төлегенова Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңыру» мақаласындағы қазақ тілін латын әліпбиіне ауыстыруға қатысты айтқан пікірінде осылай мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.   

Алматылық зиялы қауым «Рухани жаңыру» бағдарламасы аясында қазақ тілін латын әліпбиіне көшіру мәселесіне қатысты өз пікірлерімен бөлісті. Әйгілі әнші Бибігүл Төлегенова Елбасының бұл бастамасын қолдайтынын жеткізді.

«Мен 1940 жылдары латын әліпбиімен білім алғандардың бірімін. Міне, сондықтан мен Елбасының бұл ұсынысының артықшылығын білемін. Мен латын әліпбиіне көшкенді дұрыс деп есептеймін. Өйткені, тарихи жәдігерлерімізді, өнер туындыларының түпнұсқасын сақтап қана қоймай, тарихи тамырымызды жоғалтпауымыз керек»,  - деді әнші Бибігүл Төлегенова.

Айта кетейік, ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын жүзеге асыру аясында Парламент тыңдауында қазақ тілінің латын графикасындағы әліпби жобасы ұсынылған болатын.

Соңғы жаңалықтар