«Мен қазақпын» жобасының қазылар алқасы анықталды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ұлттық өнерді ұлықтап, қазақтың әні, термесі және күйі бойынша ең үздіктерді анықтайтын «Мен қазақпын» жобасының бiрiншi айналымының әділ қазылар алқасы анықталды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Бұл туралы «Қазақстан» РТРК басшысы Ерлан Қарин өзінің Фейсбук парақшасында жазды.

Қазылар тізімінде Қазақ Ұлттық өнер университетінің доценті, шертпе күйдің шебері - Жанғали Жүзбаев, ҚР еңбек сіңірген әртісі, күйші - Айгүл Үлкенбаева, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, дәстүрлі әнші - Толғанбай Сембаев, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, жыршы - Ұлжан Байбосынова, ҚР мәдениет қайраткері, дәстүрлі әнші - Ардақ Исатаева, еліміздің еңбек сіңірген қайраткері, термеші - Амандық Көмекұлы сияқты өнер майталмандары бар. Және жобаның халықаралық деңгейіне байланысты, Қытай халық республикасының 1-ші дәрежелі композиторы, профессор Бағдат Естемес ағамызды әділқазылар алқасына мүше болуға шақырдық. Ал қазылар алқасының төрағасы болып белгілі мемлекет және қоғам қайраткері - Мырзатай Жолдасбеков ағамыз сайланды», - деп жазды телеарна басшысы.
null

Айта кетейік, «Мен қазақпын» жобасының мақсаты - Республикамыздың және басқа елдерге қоныс аударған қандастарымыздың  дәстүрлі әнші-термеші, күйшілері Ұлттық арнада бас қосып, еліміздің таңдаулы туындыларын дәріптеу арқылы, атадан-балаға мирас болып қалған төл өнеріміз күй, жыр-термені заманға сай жаңашаландырып, болашақ ұрпаққа кеңінен таныту. Байқауда барлығы 675 өнерпаз бақ сынап, ең  үздік деп танылған 57 үміткер Республикалық телевизиялық байқауға жолдама алды.

null

Соңғы жаңалықтар