Мемлекеттің дін саласындағы ұстанымы қандай - Министрдің жауабы

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаев Қазақстанның дін саласындағы мемлекеттік  саясатын баяндады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

"Біз ресми түрде және нақты жариялаймыз: Мемлекет дін немесе сенімге қарсы емес. Бірақ оны дәріптеумен де айналыспайды. Дін - мейірім шашуы керек. Оның пайдасын дәрімен салыстыруға болады.

Негізі дәрі пайдалы болады. Бірақ оны дұрыс емес немесе тым артық қолданса, одан пайда емес, зиян келуі мүмкін. Мемлекет діни бірлестіктерді өзінің сенімді серіктесі ретінде көреді. Сонымен бірге дін саясиланып, заңдардың орнын алмауы керек", - деді министр Нұрлан Ермекбаев ведомствоның кеңейтілген алқа отырысында.

Сонымен бірге, ол діни біліктіліктің тиісті тәрбиемен және саяси сауаттылықпен сүйемелденіп, сындарды көзқараспен қабылдануы керектігін баса айтты.

Айта кетейік, елордада ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің кеңейтілген алқа отырысы өтіп жатыр. Онда ведомство басшысы Нұрлан Ермекбаев 2017 жылы атқарған жұмыстарды қорытындылап, 2018 жылға жоспарланған міндеттер туралы баяндама жасады.

Соңғы жаңалықтар