Мемлекеттік сатып алулар комитетінің төрағасы қызметінен босатылды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік сатып алулар комитетінің төрағасы қызметінен босатылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«ҚР Қаржы министрі Бақыт Сұлтановтың бұйрығымен Абдуллаев Қалилла Насұрлаұлы басқа лауазымға ауысуына байланысты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік сатып алулар комитетінің төрағасы қызметінен босатылды», делінген хабарламада .

Қалилла Абдуллаев бұл қызметке 2014 жылы 3 шілдеде ведомство басшысының бұйрығымен тағайындалды.

Қалилла Насыроллаұлы Абдуллаев 1971 жылы туған, Жамбыл облысының тумасы. Жамбыл жеңіл және тамақ өнеркәсібі технологиялық институтын (инженер-экономист) және М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін (заңгер) бітірген.

1994-2002 жылдар аралығында Жамбыл облысында қаржы жүйесі мекемелерінде әр түрлі басшылық қызмет атқарды.

2002-2004 жылдары ҚР Қаржы министрлігінің Салық комитеті салықтық әкімшілендіру басқармасының бастығы болды.

2004-2005 жылдары Астана қаласы бойынша салық комитеті төрағасының орынбасары; 2005-2008 жылдары Қостанай облысы бойынша салық комитетінің төрағасы; 2008-2012 жылдары Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Маңғыстау облыстары бойынша салық департаментінің бастығы; 2012-2013 жылдары Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары болды.

2014 жылғы 21 мамырдан 3 шілдеге дейін ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік сатып алулар комитеті төрағасының міндетін атқарушы болып қызмет атқарды.

Соңғы жаңалықтар