Мемлекеттік қызметшілерге жұма намазына баруға рұқсат бар ма

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Астанада өткен баспасөз мәслиxатында ҚР Дін істері және азаматтық қоғам вице-министрі Берік Арын мемлекеттік қызметшілердің діни ұстанымына қатысты түсініктеме берді. Сондай-ақ ол "Мемлекеттік қызметшілер жұма намазына қатыса ала ма?" деген сұраққа жауап берді, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

"Мемлекеттік қызметші әскери адам сияқты нақты бір міндеттері бар тұлғалар санатына жатады. Адам мемлекеттік қызметке келгеннен кейін тиісті міндеттерді өз мойнына алады. Бұл дегеніміз, жұмыс уақытында ол өзіне жүктелген міндеттерді орындауы тиіс. Қызмет орнында өзінің діни пайымдарын ашық білдіруге де рұқсат жоқ. Ондай талаптар дінге ғана емес, мемлекеттік қызметшінің киім-киісіне де қойылады. Бұдан бөлек, этика деген мәселе бар. Мемлекеттік қызметкер мемлекеттің "бет-әлпеті" болғаннан кейін, өзін лайықты ұстап, тиісті ережелерді сақтауы қажет", - деп атап көрсетті Б.Арын.

Айта кетейік, осыдан бес жыл бұрын қабылданған «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» заңды түсіндіруге арналған бүгінгі баспасөз мәслиxатында Берік Арын деструктивті ағым өкілдерінің имамдармен дауласып, мешітке келушілерді қорқытып жатқанын жеткізді. Осы орайда ол дереу полицияға xабарласуға кеңес берді. Себебі ондай әрекеттер заңмен қудаланады. 

Соңғы жаңалықтар