Мемлекеттік қызметшілердің жалақысы биыл өсе ме

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мемлекеттік қызметшілердің жалақысы биыл өспейді. Бұл туралы бүгін халыққа есеп беру кездесуінде Қаржы министрі Бақыт Сұлтанов мәлім етті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

«Өкінішке орай, мемлекеттік қызметшілердің жалақысы биыл көтерілмейді. Өткен жылы өздеріңіз білесіздер, азаматтық қызметкершілердің жаңа жүйесін енгізген кезде денсаулық сақтау және білім саласының жалақысының өсімі тіркелді. Сондықтан, ары қарайғы жағдай бюджеттің мүмкіншіліктеріне қарай қарастырылады. Жалпы, бұл мәселеге өте мұқият қарауымыз керек», - деді Қаржы министрі.

Еске сала кетсек, бүгін ҚР Қаржы министрі Бақыт Сұлтанов халыққа есеп беру кездесуін өткізді. Онда министр 2016 жылы атқарылған жұмыстарды қорытындылап, онлайн жүйесінде өңір тұрғындарының сұрақтарына жауап берді және министрліктің келешектегі жұмыс жоспарымен бөлісті.

Соңғы жаңалықтар