Мемлекеттік қызметші қатысы бар әрбір жол апаты талқыға салынуы тиіс - Шпекбаев

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев басшылардың қызметкерлері үшін жеке жауапкершілігі туралы айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Мысал ретінде агенттік төрағасы мас күйінде көлік жүргізген Астанадағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің тергеушісін келтірді. 

«Астанадағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің тергеушісін ішкі істер органдарының қызметкерлері ұстағанын барлығы естіген шығар. Иә, мойындаймыз. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет жетекшісі сол күні дұрыс істеді, бірақ басшылар мен қызметкерлерінің жауапкершілік мәселесін қарастырмады. Бұйрықты тоқтатуға (қайта шығаруға - ред.) тура келді. Басшының өзінен бастап, мас қызметкерге тікелей қатысы бар барлық жетекші жазаға тартылды. Бәрінің басшы болғысы келеді, бірақ жауапкершілік алғысы келмейді», - деді Алик Шпекбаев Астана әкімдігінде «Астана - адалдық алаңы» жобасының таныстырылымында.  

Сонымен бірге, А.Шпекбаев қалалық ІІД-ге мемлекеттік органдарда жұмыс істейтін қызметкерлердің қатысы бар жол-көлік апаттары туралы мәліметтерді өзіне беріп отыруын сұрады.

«Мемлекеттік қызметшінің қатысы бар әрбір факт талқыға салынуы тиіс. (...) Мемлекеттік қызметшілер тарапынан құқық бұзу фактілері тіркелсе, басшысымен қоса жаза тарту қажет», - деп өз сөзін толықтырды А.Шпекбаев.

Соңғы жаңалықтар