Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының екі орынбасары тағайындалды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Елбасының Өкімдерімен Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының екі орынбасары тағайындалды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Өкімдерімен Мемлекеттік қызмет істері және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары ретінде Айгүл Амантайқызы Шайымова және Алик Жатқамбайұлы Шпекбаев тағайындалды.

***
Айгүл Шаимова 1979 жылдың 12-қаңтарында Целиноград облысының Маринов ауданында туған.

1999 жылы Л.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетін, 2004 жылы Қаржы полициясы академиясын бітірген. 

Еңбек жолын 2000 жылы ҚР Қаржы полициясының Құқықтық қамтамасыз ету және халықаралық байланыс басқармасының ерекше істер жөніндегі кіші инспекторы қызметінен бастады.

2002-2004 жылдар аралығында Қаржы полициясы агенттігінің Құқықтық қамтамасыз ету және халықаралық ынтымақтастық агенттігінің құқықтық сараптама бөлімінің бастығы болды.

2004-2011 жылдары Айгүл Шаимова ҚР Экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмыстарымен күрес агенттігінің Құқықтық қамтамасыз ету және халықаралық ынтымақтастық басқармасы бастығының орынбасары қызметін атқарды.

2011-2012 жылдары ҚР Экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмыстарымен күрес агенттігі төрағасының кеңесшісі болды.

2012-2013 жылдары ҚР Бас прокурорының аға кеңесшісі, ҚР Бас прокуратурасы аппаратының Ақпараттық-талдау басқармасына қарасты Стратегиялық талдау орталығын басқарды.

2013-2014 жылдары ҚР Қауіпсіздік Кеңесінің Ситуациялық орталығы меңгерушісінің орынбасары қфзметін атқарды.

2015 жылдың қазаны мен 2016 жылдың қаңтары аралығында ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлықпен күрес агенттігінің аппарат жетекшісі болды.

2016 жылдың қаңтары мен 2016 жылдың қыркүйегі аралығында Мемлекеттік қызмет істері вице-министрі қызметін атқарды.

***


Алик Шпекбаев Жатқамбайұлы 1957 жылы Алматы облысы Қаскелен ауданы Абай ауылында дүниеге келген.

1980 жылы КСРО ІІМ Шымкентте арнайы мектебін, 1987 жылы КСРО ІІМ Қарағанды жоғары мектебін, 1992 жылы РФ ІІМ Академиясын тәмамдады.

1980-1991 жж. - Алматы облыстық ІІБ бөлімшелерінің оперативті және басшылық құрамы лауазымдарында қызмет етті.

1991-1992 жж. - РФ Академиясының тыңдаушысы.

1995-1997 жж. - Алматы облысы ІІБ басшылық лауазымдарында қызмет етті.

1997-2000 жж. - Алматы облысы МТКБ басшылық лауазымдарында қызмет етті.

2000-2003 жж. - Алматы облысы ІІБ бастығы қызметін атқарды.

2003-2008 жж. - Қазақстан Республикасы Ішкі істер вице-министрі қызметін атқарды.

2008-2014 жж. - ҚР Президенті Әкімшілігі Құқық қорғау жүйесі бөлімінің меңгерушісі болды.

2014 жылдан - Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының орынбасары болып атқарды.

 
Соңғы жаңалықтар