Мемлекеттік қызмет істері агенттігінде кадрлық тағайындау болды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінде кадрлық ауыс-түйіс болды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА ведомствоға сілтеме жасай отырып.

Ведомствоның ақпаратына сәйкес, агенттіктің Мемлекеттік қызмет көрсету департаменті директорының орынбасары қызметіне Расул Медетов тағайындалды.

Расул Медетов ҚазМЗУ түлегі, ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында білім алған, Шеффилд университетінің магистратурасын «Болашақ» бағдарламасы бойынша бітірген.

Сондай-ақ осы агенттіктің Қызметкерлерді басқару қызметінің жетекшісі болып Елена Погорелова тағайындалды. Оның мемлекеттік қызметте 20 жылдан астам тәжірибесі бар. Атап айтқанда, ҚР Премьер-Министрінің кеңсесі құрылымында және экономикалық блоктағы министрліктерде жұмыс істеген.

Агенттіктің әдеп уәкілі қызметіне ведомствода 10 жылдан астам уақыт бойы жұмыс істеп келе жатқан Зина Байгаскина тағайындалды. 

Соңғы жаңалықтар