Мемлекеттік кірістер комитетінің ресми өкілі тағайындалды

None
None
Бүгін ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы Дәулет Ерғожин мемлекеттік кірістер органдарының аумақтық бөлімшелерімен болған кеңесте комитеттің жаңа ресми өкілі - Мұрат Жұманбайды таныстырды, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.

Д.Ерғожин Мемлекеттік кірістер комитеті жұмысының алғашқы күнінен бастап, азаматтар мен бұқаралық ақпарат құралдарына қолжетімді және ашық мемлекеттік орган сипатын қалыптастырғандығын атап өтті. Барлық маңызды шешімдер мен Комитеттің бастамашылығымен заңнамаға енгізілген өзгерістер әрқашан кеңінен түсіндіріліп, жұртшылыққа жеткізілуі керек.

Ол мемлекеттің фискалды саясаты мен көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимылды түсіндіруді одан әрі күшейту мақсатында комитетте Қоғаммен байланыс басқармасының құрылып, оның басшысы болып Мұрат Жұманбай тағайындалғандығын хабарлады.

Ерғожин Жұманбайдың ведомстваның ресми өкілі ретінде Мемлекеттік кірістер комитетінің жұмысы туралы халықты нәтижелі хабардар ететіндігіне сенім білдірді.

Өз кезегінде Жұманбай комитеттің басшылығы мен ұжымына өзіне сенім артқандары үшін алғысын білдіріп, белгіленген міндеттерді тиімді іске асыруға барлық күш-жігерін жұмсайтындығын жеткізді.

М.Жұманбай бес жылдан аса Сыбайлас жемқорлық және экономикалық қылмысқа қарсы күрес агенттігінің ресми өкілі болып, оның баспасөз орталығына жетекшілік етті. Екі жылдай Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі төрағасының кеңесшісі бола тұра, палатаның баспасөз қызметін басқарды.

Соңғы жаңалықтар