Мемлекеттік хатшы шығармашыл жастармен кездесті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықова шығармашыл жастармен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Кездесуге ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы, жас дарындар - жазушы Б.Сарыбай, ақын Қ. Омарова, суретші К. Бекмұрзаева, мүсінші Л. Кочетов, театр және кино актерлері - Ә. Ахметов, Ж. Мақажанова, пианист Р. Абдысағин, балет солисі Б. Адамжан, әнші И. Кайсиди және дирижер Қ. Омаров қатысты.

3 

«Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан-2050» стратегиясында жастарға ерекше көңіл бөлді. Одан кейін, «Интеллектуалды ұлт-2020» деген бағдарламасы қабылданды. Қазір елімізде жастар саясаты жөніндегі үлкен тұжырымдама бар. Осының бәрі әрине, жастарға жол ашады, бағдар береді деп ойлаймын. Енді, жақында ғана Елбасы үлкен реформалар жөнінде халыққа өз Жолдауын айтты. Ол - экономикалық жаңа белеске көтеру, саяси реформалар, сонымен бірге, Сіздер оқыған боларсыздар, «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты үлкен бағдарлама шықты. Осы бағдарлама бойынша нақты тапсырмалар белгіленді. Оның ішінде қазақ тілін латын әліпбиіне көшіру туралы, «Туған жер» атты заманауи мәдениетті жаңғырту мәселесіне байланысты жобалар бар. Осы тұрғыда, жастарға бәсекелестікке төтеп беру, мықты болу, прагматизмге негізделген өмір ұстанымын негізге алу, білім салтанат құрған қоғам қалыптастыру деген сияқты үлкен талаптар қойылып отыр. Сондықтан Елбасы осының барлығын Сіздермен байланыстырып отыр», - деп атап өтті Мемлекеттік хатшы Қазақстанның жас шығармашыл жастарына қаратып айтқан сөзінде.

Мемлекеттік хатшы шығармашыл жастардың ел Президенті айқындаған міндеттерді іске асыруға белсене атсалысатындықтарына сенім білдірді.

«Қазақстан халқы жақын уақытта 18 миллионнан асады. Біздің еліміздің әрбір төртінші азаматы - жас адам. Қазір Мәдениет және спорт министрлігі түрлі бағдарламаларды қолға алып жатыр. Қазір біздің жастарымызда Димаш Құдайберген сияқты туған мәдениетті танытатын барлық жағдайлары бар. Әлеуетіміз, асар белесіміз көп, бірақ ол үшін бізге тынбай еңбек ету керек, өнерімізді алға жылжытуымыз шарт. Сол үшін Сіздермен кеңескелі бас қосып отырмыз», - деді Г. Әбдіқалықова.

Өз кезегінде, кездесуге келген жастар Президенттің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламасы барлық жалынды жастар үшін бағдар болатынын атап өтті.

4 

«Метафорамен сөз бастағым келіп отыр. Егер әрбіріміз бір-бір ағаштан отырғызатын болсақ, 20 жылдан кейін біздің еліміз гүлденген баққа айналады. Жастарды нақты пайда әкелуге, әрбір істе үлес қосуға шақырамын. Армандау аздық болады. Қадам қадаммен көкейкесті проблемаларды шешіп отырумыз қажет. Бізде оны іспен дәлелдейтін әлеует те, білім де жетеді», - дейді суретші, дизайнер Кристина Бекмұрзаева.

Оның пікірінше, Қазақстанның барлық мәдени құндылықтарын онлайн режимде қолжетімді ететін бірыңғай ресурс құру қажет.

«Негізгі ақпараттық ағын Интернетте шоғырланып жатыр. Менің ойымша, біздің елде ұлттық мәдени жетістіктерімізді бір арнаға тоғыстыратын жалпыұлттық ресурс құрылуы тиіс. Менің идеямның түп мақсаты - адам әлемнің кез келген бұрышында отырып-ақ, қазақтың ұлттық музыка концерттерін онлайн тамашалай алатын болса, елдегі кез келген музейді онлайн аралап, электронды форматта кез келген әдебиетті оқуға мүмкіндік алса деген ойдан шықты», - деп түйді сөзін К. Бекмұрзаева.

Соңғы жаңалықтар