Мемлекеттік хатшы бірегей орталықта тұратын жетім балалардың жағдайымен танысты

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбеде 600 орындық жаңа мектеп пайдалануға берілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбеде өтіп жатқан «Туған жер» республикалық форумына келген ҚР Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықова Сазды ауылдық округіндегі Шәкәрім Құдайбердіұлы атындағы №66 мектеп-гимназиясының ашылуына қатысты. Мектеп аумағы - 5 мың шаршы метр. 600 оқушыға есептелген мектепте интерактивті тақталар, мультимедиалық кабинеттер мен спорт алаңы бар.


Ақтөбе облысы әкімінің баспасөз қызметінен хабарлағандай, Г.Әбдіқалықова сондай-ақ «Мейірім» әлеуметтік бейімдеу орталығына барып, балалар үйінің түлектері мен ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалардың жағдайымен танысты. Бүгінде Қазақстанда баламасы жоқ кешенде 16-29 жас аралығындағы 90-ға жуық жас тұрады. Дизайны, архитектурасы, жабдықталуы және абаттандырылуы жөнінен бұл орталықтың Қазақстанда теңдесі жоқ.  Жалпы аумағы - 4 389,8 шаршы метр. Жоба құны - 4 миллиард теңге. Мұнда 5 корпус орналасқан. Оның төртеуінде екі қабатты жатақханалар болса, ал бесіншісі - әкімшілік корпус. Жалпы алғанда, орталықта бір бөлмелі 80 пәтер бар. Әр пәтердің ауданы 43 шаршы метр.


«Жастар 23 жасқа толған соң жасөспірімдер үйімен қоштасады. Сол кезден бастап өз күнін өзі көруге тура келеді. Дегенмен, бірнеше жыл мемлекеттің қамқорлығында болған балаларға дербес өмір сүру оңай түспейді. Орталықтың ашылуы жастардың пәтер алуына да септігін тигізеді. Өйткені, олар пәтер  жалдап, ақша шығындамайды», - деді облыстық білім басқармасының бөлім басшысы Қайрат Алдажаров. 


Бұдан бөлек, Мемлекеттік хатшы Есет батыр атындағы олимпиада резерві колледжінде, сондай-ақ тек хоккейшілерді ғана емес мәнерлеп сырғанау мен шорт-тректен болашақ чемпиондарды даярлайтын «Олимп» жаңа хоккей модулінде болды.

Соңғы жаңалықтар