Мемлекеттік білім несиесін алған 37 мың адам қарызын қайтармай жүр

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мемлекеттік білім беру несиесін алған 37 мың адам 7,6 млрд. теңге қарызын қайтармай жүр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Агенттіктік тілшісінің ресми сауалына жауап берген ҚР Білім және ғылым министрлігіне қарасты Қаржы орталығы 1999-2005 жылдары аралығында мемлекеттік білім беру және мемлекеттік студенттік несие беру бағдарламасы жұмыс істеген кезеңде республикалық бюджеттен бөлінген қаржы 15,3 млрд. теңгені құрағандығын атап өткен. Аталған сомадағы несиені 58 мыңнан астам адам алған. 

«Бүгінгі күні 7,7 млрд. теңге бюджетке қайтарылды. Бұл берілген несие жалпы сомасының 51 пайызын құрайды. Кредиттерді қайтару жөніндегі міндеттемелерін өз еркімен орындамай жүрген борышкерлерге қатысты Қаржы орталығының талап арыздары бойынша ҚР соттары борышкерлерден мемлекеттік білім беру кредитін өндіріп алу туралы 8700-ден астам шешім шығарылды. 1500-ден астам талап сот органдарында қаралуда», - делінген орталық жауабында.

Соңғы жаңалықтар