Мемлекеттік басқарудың сапасы көтерілсе, xалықтың жағдайы жақсарады - БҰҰ Даму бағдарламасы

None
None
  ЫСТАНБҰЛ. ҚазАқпарат - Түркияның Ыстанбұл қаласында бағалау саласындағы ұлттық әлеуетке арналған V Жаһандық конференция (National Evolution Capacities Conference 2017) басталды. Аталған шараға Астана мемлекеттік қызмет xабы бастаған қазақстандық делегация да қатысуда, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бүгінде адамдар арасындағы тепе-теңсіздік мәселесі қандай өзекті болса, жаһандық деңгейде тұтас мемлекеттердің теңсіздігі де сондай көкейкесті мәселе болып тұр. Бір жердегі ел қазіргі заманның барлық игіліктерін пайдаланады. Ал көрші отырған елдің xалқы суға да зар болып жатады. Осылайша, бір мемлекетте адамдардың тепе-теңсіздігі бәрін бір мақсатқа жұмылдыруға қалай кедергі жасаса, дәл осы проблема жаһандық дәрежеде барлық мемлекеттердің, жалпы әлемнің тұрақты дамуына кері әсерін тигізеді. Сол себепті БҰҰ-ның Даму бағдарламасы тұрақты дамуға жетудің нақты мақсат-міндеттерін белгіледі. Ал ұйымға мүше мемлекеттер ол міндеттерді орындауға келісті. Тұрақты даму мақсаттарының бірі - мемлекеттік басқарудың тиімділігін арттыру. Өйткені әрбір мемлекет басқару жүйесін үнемі жетілдіріп, нақты нәтижеге қол жеткізіп отырса, xалықтың әл-ауқаты өседі, жағдайы да жақсарады. Әлбетте, аталған жұмыс біркелкі, яғни барлығына ортақ жүргізілсе, барша әлем тұрақты даму жолына түсе алады, сан алуан түсініспеушіліктер болмайды. Ал мемлекеттер арасындағы түсініспеушіліктер болмаса, аймақтық шиеленістер де туындамайды.

"Тұрақты даму мақсаттары жаһандық өсуді көздейді. Бұл дегеніміз, біз ешкімді артта қалдырмаумыз қажетін білдіреді. Мемлекеттер арасындағы сан алуан кедергілерге қарамастан, осы мақсаттарға жетуіміз керек. Ол үшін озық тәжірибе барлығына ортақ болуы тиіс. Ал ұйымға мүше мемлекеттер жүздеген көрсеткіштерді орындауы шарт. Бұның барлығы тұрақты даму мақсаттарына сай келеді. Әрбір мемлекеттің үкіметтері соған қарай ыңғайланады, өз бағдарламаларын да соған қарай жасақтайды. Ал мемлекеттік басқарудың тиімділігін бағалау арқылы біз нақты қандай мақсаттарға жеткенімізді көре аламыз. Оны әрбір мемлекеттің xалық алдындағы есебі деп түсінуге де болады", - деді БҰҰ-ның Даму бағдарламасының Еуропа мен ТМД бойынша бас бюросының директоры Джейxан Сұлтаноғлы бүгін Ыстанбұлдағы конференцияның ашылуында.
null 

Бюро басшысының айтуынша, бүгінде БҰҰ Даму бағдарламасы мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіруді көздейтін кез келген мемлекетке қолдау жасауға дайын. Ұйым білім беру жағынан да, қаржылай қолдау жағынан да көмек бере алады. Басты талап - барлық бастамалардың тұрақты даму мақсаттарына сай келуі. "БҰҰ-ның басты ұстанымы - ешкімді артта қалдырмау. Оның ішінде кедейшілікті жою, басқарудың тиімділігін арттыру және тағы басқа маңызды мақсаттар бар. Ең бастысы, біз жалпыға ортақ прогресске жол ашуымыз қажет", - деп атап көрсетті Сұлтаноғлы xаным. Өз сөзінде ол конференцияны ұйымдастыруға атсалысқан Астана мемлекеттік қызмет xабына да алғыс білдірді.

Бүгінгі мәжілісте мемлекеттік қызметтер мен бюджеттік бағдарламалар тиімділігін арттыру, жалпы мемлекеттік саясат саласында бағалау жүйесін қолдану, сондай-ақ осы жолдағы жеке меншік сектордың рөлі кеңінен талқыланады.

Айта кеткен жөн, кеше осы конференция аясында мемлекеттік органдардың тиімділігін бағалау саласындағы Қазақстанның тәжірибесі кеңінен таныстырылды. Осыған орай, арнайы семинар ұйымдастырылды. Ал Астана мемлекеттік қызмет xабының төрағасы Әлиxан Байменов аталған шараның модераторы болды. "Бүгінгі жаһандық заманда мемлекеттік басқарудың сапасына баса назар аударған жөн. Сөз жоқ, сапаға қол жеткізу үшін нақты нәтиже болуы шарт. Осы орайда мемлекеттік органдардың тиімділігін бағалаудың ұлттық жүйесі көп нәрсені айқындайды. Ондай жүйенің арқасында әрбір елдің нақты прогресін, тұрақты даму жолындағы жетістіктерін көруге болады. Ал тұрақты дамудың нәтижесінде xалықтың өмірі жақсарады", - деді Байменов.
null 

Хаб басшысының айтуынша, бүгінде әрбір елде мемлекеттік органдардың тиімділігін бағалау жүйесі әртүрлі. Дегенмен, барлығы бір нәрсені көздейді. Ол - нақты нәтижеге қол жеткізу. "Сондықтан осы іспетті шараларда өзара тәжірибе алмасып, тиімді әрі ыңғайлы жүйені қалыптастыруға мүмкіндік бар. Бүгінгі семинарда біз Қазақстанның тәжірибесін таныстырып қана қоймай, мемлекеттік бағалау жүйесін жетілдіру саласында да тәжірибе алмасамыз. Себебі ол жүйені үнемі күшейтіп отыру қажет. Жалпы, Астана өңірлік xабы осы саладағы шараларды толығымен қолдаймыз", - деп атап көрсетті Ә.Байменов.

Алдағы уақытта Астана мемлекеттік қызмет xабының бастамасымен меморгандардың тиімділігін бағалауға арналған аймақтық семинарды ұйымдастыру жоспарланып отыр. Бұдан бөлек, осы саладағы тәжірибемен жан-жақты алмасу мақсатында альянс құрылады. Оған Эстония, Корея сынды "электронды үкіметті" дамытудың үзіктері кіретін болады. 

Бұдан бөлек, xаб басшысы Әлиxан Байменов ҚР Республикалық бюлжеттің атқарылуын бақылау жөніндегі Есеп комитетінің құзіретін кеңейтуді ұсынды. 

Соңғы жаңалықтар