Мемлекеттік бағдарлама бойынша ипотекалық қарызды субсидиялау басталды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан Ипотекалық Компаниясы» АҚ (ҚИҚ) жеке тұлғалар үшін ипотекалық кредиттерді субсидиялау басталғандығын жариялады. Бұл туралы ҚазАқпарат kmc.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

«Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша жүргізілетін ипотеканы субсидиялау талаптарына сәйкес азаматтарға сыйақы мөлшерлемесі жылына 10%-дан аспайтын ипотека алуға мүмкіндік туады. Мәселен, екінші деңгейдегі банктер жылына 17% мөлшерлемемен берген ипотеканың 7%-ын ҚИК субсидиялайды. Субсидиялаудың ең ұзақ мерзімі - 10 жыл.

Мемлекеттік бағдарлама аясында тұрғын үйді субсидиялау сомасының лимиті белгіленген. Астана және Алматы қалаларындағы кредиттің ең шекті мөлшері 20 миллионнан, ал облыстардан 15 миллионнан аспауы тиіс.

Соңғы жаңалықтар