Мемлекеттік-ақпараттық тапсырыстан бас тартуға болмайды - Дәурен Абаев

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев мемлекеттік-ақпараттық тапсырыстың тиімділігін түсіндіріп берді, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бүгінде мемлекеттік-ақпараттық тапсырысты сынайтындар аз емес. Аталған тәжірибеден бас тарту қажет дейді. Дәл қазір олай істеуге болмайды. Мемлекеттік субсидиялаудан толығымен бас тартсақ, қазақстандық медиа кеңістіктің дамуын тежейміз. Неге? Себебі мемлекеттік-ақпараттық тапсырыс аясында жаңа жобаларға қолдау жасалады, отандық продакшн-индустриясына қаржы құйылады. Соның арқасында медиа нарық дамып жатыр», - деді Д.Абаев бүгін «Қазмедиа» орталығында.

Министрдің айтуынша, мемлекеттік субсидиялау арқылы шетелдік контенттің үлесін азайтуға мүмкіндік бар.

«Мен білемін, кейбіреулер мемлекеттік-ақпараттық тапсырысты тоқтату қажет деп санайды. Олай істесек, шетелдік контенттің үлесі артады. Қазір барлық дерлік республикалық арналарда өзге елдің өнімдерін сатып алу көлемі қысқарып жатыр. Соның орнына өзіміздің сериалдарымыз, деректі фильмдеріміз бен ток-шоуларымыз келді. Үшіншіден, жекеменшік арналарға бөлінген мемлекеттік тапсырыс қаржысын қазақ тілді бағдарламалардың санын арттыруға бағытталады. Мемлекеттік тілді біз осы арқылы да қолдаймыз. Төртіншіден, мемлекеттік субсидиялау «Балапан», «Қазспорт» пен «Еларна» сияқты коммерциялық жағынан тиімсіз жобаларды жүргізуге мүмкіндік беріп отыр. Бесіншіден, мемлекеттік-ақпараттық тапсырыс аясында біз цифрлық теxнологияларды дамытып, телеарналарды xалыққа тегін таратып жатырмыз», - деп атап көрсетті Д.Абаев.

Айта кетейік, өткен жылы мемлекеттік ақпараттық тапсырыс аясында 40 телесериал түсірілген болатын. Аталған көрсеткіш бір жыл бұрын болған межеден екі есеге артық.

Соңғы жаңалықтар