Мемлекетік қызмет істері агенттігі «қызметтік куәліктердің» орнына ID-карталар енгізуде

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққар қарсы іс-қимыл агенттігі барлық қызметкерлер үшін пилоттық тәртіпте ескірген «қызметтік куәліктердің» орнына арнайы ID-карталар енгізуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат агенттіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Қаңтар айының соңында өткен Алқа отырысында Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы мемлекеттік қызметкерлерге ID-карталарды міндетті түрде енгізу қажеттілігі туралы атап өткен болатын.

«Жаһандық өзгерістерге ену үшін, күнделікті әдеттерді өзгертуіміз қажет. Біздің алғашқы қадамымыз болып, қажетті мақсатта қолданылмайтын және ескірген әдеттегі «қызметтік куәліктерден» бас тарту болып табылады. Олар бірнеше функциялардан тұратын заманауи ID-карталарымен алмастырылады»,- деп мәлімдеді.

Мұндай карталарды пайдалану функционалдық міндеттердің кейбірін тиімді орындауға мүмкіндік береді (деректерді сақтау, объектілер мен ғимараттарға еркін кіру және т.б.), сондай-ақ мемлекеттік органның және мемлекеттік қызметшінің ерекше қызмет мәдениетін көрсетеді.

Бұл жағдайда қызметтік ғимараттарға кіру үшін қолданыстағы қызметтік куәліктер мен магниттік карталардың орнына ID-карталарды енгізу ұсынылады. Енгізу арқылы қызметтік куәліктерді теріс пайдалану, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін барынша азайту, сондай-ақ бюджет шығындарын оңтайландыру жоспарланған.

Қазақстанда мұндай карталарды пайдалану мемлекеттік қызметшілердің тәртібін нығайтып, мелекеттік қызмет сапасын арттырады.

Аталмыш ID-карталарды пайдалану тәжірибесі АҚШ, Ұлыбритания, Филиппин, Сингапур және Үндістан сияқты елдерде қолданылуда.

Бүгінгі күні ID-карталар агенттіктің барлық қызметкерлер үшін пилоттық тәртіпте енгізілді.

Тәжірибе оң нәтиже берген жағдайда, ID-карталармен алдағы уақытта барлық мемлекеттік органдардың қызметкерлері қамтамасыз етіледі.

Соңғы жаңалықтар