Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
Астана: -26 °С
Алматы: -22 °С
USD 323.20 EUR 395.56
RUB 5.72 CNY 50.48
Жаңалықтар

Мемлекет басшысы: Латын әліпбиіне не үшін көшеміз

2017 жылғы 1 желтоқсан 17:52 1480
Поделиться:
Мемлекет басшысы: Латын әліпбиіне не үшін көшеміз

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Астанада «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасына енген 102 жеңімпазбен кездесу барысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев латын әліпбиіне не үшін көшетіндігімізді түсіндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Кириллицаның бірнеше әрпі қазақ лексикасына мүлдем қатыспайды. Қазақ тілінде «ь», «ъ» белгілері, «ч», «щ», «я» әріптері жоқ. Японды біз жапон дейміз. Соның барлығы біздің тілімізді, жазуымызды, жұрттың оқуын  қиындатты. Мұның барлығы ең негізгі емес те шығар. Ең негізгісі, мына заманмен, болашақпен бірге болу үшін ол бізге керек. Латын әліпбиіне көшу арқылы біздің барлығымыз да  ақпараттың дамып келе жатқан кеңістігіне енетін боламыз. Бұған дейін айтқанымдай, интернет тілі - бұл ғылым мен мәдениет тілі.  Біз бұл бағытта ілгерілеп те келеміз. Мен аталған әліпби туралы Жарлық та шығардым, оны өздеріңізде білесіздер», - деді Елбасы кездесу барысында.

ҚР Президенті гуманитарлық білім беру мәселесіне де кеңінен тоқталды және гуманитарлық саладағы 18 кітаптың қазақ тіліне аударылып жатқанын және оны мектептер де, университеттер де оқитын болатындығын баса айтты.

Сондай-ақ Елбасы «Туған жер» бағдарламасына да тоқталды.

«Әр адамның отансүйгіштігі өз отбасынан, әкесінен, анасынан, бауырларынан, тұрған үйінен, ауылынан басталады. Қазір де қазақтардың 40 пайыздан астамы ауылда тұрады. Бұрын ауылда 90 пайызы тұрған еді. Сол ауылдың бір атақты төбесі, өзені, сол жерде шығатын өсімдігі, жидегі бар. Соның барлығы -  Отанымыз, туған жеріміз. Менің де қазір көзімді жұмсам, кішкентай кезімде жүрген жерлерім, аралаған тауларым, жата салып, суын ұрттаған өзендерім есіме түседі. Сондықтан, Туған жер деген - әр адамның кіші отаны», - деді Президент.

Мемлекет басшысының атап өтуінше, қазіргі уақытта еліміздің қалталы азаматтары туған ауылдарына барып, 300 млрд теңгеге  720 әлеуметтік нысан салып берген.

 

 


Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Онлайн қызметкерлер
Редактор
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
Редактор
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
Редактор
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
Редактор
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
Мұрағат