Мемлекет басшысы алтыншы сайланған Парламенттің үшінші сессиясын ашты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев алтыншы сайланған Қазақстан Республикасы Парламентінің үшінші сессиясын ашты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Отырысқа Сенаттың 46 депутаты, Мәжілістің 106  депутаты, ҚР Үкімет мүшелері, Жоғарғы сот, Конституциялық кеңесі, Орталық сайлау комиссиясы төрағалары, ҚР Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдардың, ұлттық басқарушы компаниялардың басшылары қатысуда.

Еске сала  кетейік, ҚР Конституциясына сәйкес Парламент сессиясын Мемлекет басшысы ашады.

Бұдан бұрын хабарланғандай, биылғы тамыздың аяғында Парламент Мәжілісінің төрағасы Нұрлан Нығматулин ҚР Парламенті Палаталарының бірлескен отырысын шақыру туралы Өкімге қол қойды .

 

Соңғы жаңалықтар