Ауа райы
Астана 17 °С
Алматы 15 °С
валюта бағамы
USD 323.13
EUR 367.08
RUB 5.43
CNY 47.53

Мемлекет басшысы Алматының абаттандырылмаған аудандарына көңіл аударуға шақырды

Мемлекет басшысы Алматының абаттандырылмаған аудандарына көңіл аударуға шақырды
2016 жылғы 16 ақпан 13:57 1622

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат  - ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Алматыда өтіп жатқан 28-ші Дүниежүзілік қысқы Универсиадаға 

дайындық пен қаланың дамуы мәселелеріне қатысты кеңес барысында қаланың дамуына қатысты бірнеше мәселені тілге тиек етті.

Атап айтқанда, Мемлекет басшысы халықтың тұрғын үй-коммуналдық жағдайын жақсартуға аса мән беруді тапсырды. «Бастықтар жүретін жолды жөндей берудің қажеті жоқ. Қаланың ортасында бәрі жасалған. Сонда да асфальт төсейсіңдер. Одан да ақшаны дамуы кешеуілдеп қалған аудандарға салу керек.  Кварталдарды тазалау, спорттық нысандарды жөндеу, арық жүйесін, субұрқақтарды жаңғырту керек. әр тұрғын өзінің мемлекет қамқорлығында екенін білуі керек», - деді Н.Назарбаев. 

Мемлекет басшысы сондай-ақ, қаржыны халықты көгілдір отынмен қамтуға, мектеп, аурухана, балабақшалардың ахуалын бақылауға жұмсау керектігін айтты.  

Пікір қалдыру

Соңғы Пiкiрлер