Мемқызметте сыбайлас жемқорлықтың алдын алудың маңызы зор

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат - Мемлекеттік қызметте сыбайлас жемқорлықтың алдын алудың маңызы зор. Бұл туралы Орал қаласы әкімдігінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, жемқорлық тәуекелдеріне талдау және мемлекеттік тәртіпті нығайту мәселелеріне арналған семинарда айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Семинарды ашып, жүргізген ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі БҚО бойынша департаментінің басшысы, әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Болат Исақов Елбасы тапсырмасына сәйкес сыбайлас жемқорлықпен күреске мемлекет тарапынан айрықша мән беріліп отырғанын, сондықтан оны болдырмау жолында барлық тетіктерді іске қосу қажеттілігін атап көрсетті. Ең бастысы, әр қызметші жемқорлық әрекеттерінен бойын аулақ салып, өз қызметіне адал болуы тиіс.
null 

Жиында аталмыш департаменттің сыбайлас жемқорлықтың алдын алу басқармасының басшысы Біржан Хайруллин қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру жолдары жөнінде әңгімелесе, мемлекеттік қызмет саласын бақылау басқармасының басшысы Жақсат Мұратов мемлекеттік органдардағы тәртіптік комиссиялар жұмысын талдау қорытындысын жария етті. Ал бас маман Гүлнұр Мырзақаева сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау мәселесіне тоқталды.

Семинарда айтылғанындай, биыл аталмыш департамент 10 мемлекеттік орган мен ұйым қызметіне сыртқы талдау жасап, 129 жемқорлық тәуекел дерегін анықтаған. Өңірде 763 мемлекеттік қызметші тәртіптік жазаға тартылса, соның ішінде 154 тәртіптік материал бойынша 174 қызметкерге тәртіптік жаза қолданылды. Биылғы тоғыз айда мемлекеттік органдардағы 971 бос орынға конкурс жарияланып, соның нәтижесінде 538 мемлекеттік қызметке қабылданды. 
null 

Соңғы жаңалықтар