Мемқызметкерлерге Әдеп кодексінің қалта нұсқасы табысталды

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - ШҚО бойынша ҚР Мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекет  агенттігі департаменті басшысының міндетін атқарушы Қайрат Сапарғалиев Өскемендегі ішкі саясат қызметкерлеріне Әдеп кодексінің қалта нұсқасын табыстады, деп хабарлайды «ҚазАқпарата» ХАА тілшісі.

«Pocketbook (Әдеп кодексінің қалта кітапшасы) арнайы мемлекеттік қызметкерлер үшін дайындалған. Онда мемлекеттік қызметкерге қажет дүниенің барлығы бар»,-деді Қ.Сапарғалиев.

Ішкі саясаттағы БАҚ секторының меңгерушісі Әлібек Тұсымбетов кітапшаны оқып шыққанын, қалта нұсқа өте түсінікті тілмен жазылған ыңғайлы құрал екендігін жеткізді.

Қалта кітапша кодекс пен қатар, қызмет уақытында орын алған жағдайларға байланысты сараптау жұмыстарын да мысалға келтіреді. Осы мысалдар негізінде қандай шешімдар қабылдануы керек екендігін айтып, кеңес береді.
null null 

Соңғы жаңалықтар