Мемқызметке тұратындардың заңдарды білу деңгейі жақсарды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мемлекеттік қызметке тұратындардың заңдарды білу деңгейі жақсарды. Бұл туралы ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары Айгүл Шайымова мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«2016 жылы заңдарды білу тестілеуінен 56 мың адам өтті, оның ішінде оңтайлы бағаны 26 мың адам алды. Бұл өз кезегінде 2015 жылдағы сәйкес көрсеткішке қарағанда 13 пайызға жоғары. Қызметке тұру алдындағы әңгімелесу кезеңін 43 мың адамның ішінен 20 мыңы еңсерді. Конкурстардың 78 пайызында байқаушылар қатысты»,-деді Шайымова «Нұр Отан» партиясында өткен мемлекеттік қызметті реформалау мәселелері жөніндегі партиялық тыңдаулар барысында.

Оның сөзіне қарағанда, құзыреттілік бойынша тестілеуден 28 мыңнан астам адам өтті. Оның ішінде 6,5 мыңға жуығы қызметте жұмыс істеу үшін жеткіліксіз нәтижелерді көрсетті.

Сонымен қатар Шайымова өткен жылдан бастап мемлекеттік қызметке үш кезеңде іріктеудің жүйесі енгізілгенін еске салып өтті. Осы орайда заңдарды білу деңгейіне тестілеу мен жеке құзыреттілікті бағалау, сондай-ақ мемлекеттік органдағы әңгімелесу арқылы іріктеуден өту қамтылған. 

Соңғы жаңалықтар