Мектептерде «жасыл сабақтар» өткізіледі

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Қазақстан - 2050» жалпыұлттық қозғалысы мектептерде қоршаған ортаны қорғау мен экологияға арналған «жасыл сабақтарды» өткізуді жоспарлап отыр, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Ондай сабақтарда оқушыларға арнайы бейнебаяндар көрсетіледі. Басты рөлдерді пластик, қағаз және тағы басқа қатты тұрмыстық қалдықтар сомдайды. Олар экологияға келетін қауіп-қатерлер жайында өздері баяндайды. Себебі біз ол заттарды күнде өзіміз тастаймыз. Бірақ қоршаған ортаға қаншалықты зиян екенін жете түсіне бермейміз» , - дейді «Қазақстан - 2050» жалпыұлттық қозғалысының жетекшісі Мұxтар Манкеев.

Оның айтуынша, осы уақытқа дейін ұйымның бастамасымен 50-ге жоба қолға алынды. Соның ішінде «жасыл сабақтар» бастамасы да бар.

Айта кетейік, бүгін «Қазақстан - 2050» жалпыұлттық қозғалысы тағы бір жобаның басталғанын жариялады. Ол - «Zhangyru» корпоративті оқыту» жобасы . 

Соңғы жаңалықтар