Мектепте құлаған оқушы жансақтау бөлімінде жатыр

None
None
  ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат -  Талдықорғанда 4-сыныптың оқушысы  мектепте құлап, жансақтау бөліміне түсті. Оқыс оқиға қаладағы №2 мектепте үзіліс кезінде болған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Зардап шеккен 9 жастағы оқушының әкесі Ержан Қожахметовтің айтынша баласы мектептегі баспалдақтың ұстайтын жерімен сырғанаймын деп, құлап кеткен. Сөзінше баласы  үш тісін сындырып, екі тісін жұтып қойған. Ал облыстық балалар ауруханасының бас дәрігері Марат Досқалиев оқушы  ауруханаға  өте ауыр  жағдайда түскенін айтады.
null

«Басына зақым келген. Бас-сүйегі сынған. Бірақ балаға ота жасау  қажет емес. Әзірге жансақтау бөлімінде жатады», деді бас дәрігер.

Дәрігердің айтуынша, бала бар соққыны басынан алған. Ал баспалдақпен сырғанап жүріп құлап кеткен Қуандықтың әкесі ешкімге кінә тақпаймын дейді. Тек балалар барынша абай болса деп тілейді.
null

 

Соңғы жаңалықтар