Мектепке кеткен алматылық жеткіншек із-түзсіз жоғалды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда 2002 жылы туған Сұлтан Әлібеков іздестірілуде.

Қоғамдық қуіпсіздік жөніндегі кеңестің мүшесі Ислам Угушевтің айтуынша, 23 қыркүйек күні сағат 08.00 шамасында жеткіншек бір шақырым жерде орналасқан мектебіне бару үшін үйінен шығып кеткен. Әлібек отбасымен бірге Іле ауданы «Ветеран» тұтынушылық кооператив бағбандық серіктестігі, Абрикосовая, 67 мекен жайында тұрады.

Баланың бойы 155-160 см, орташа денелі, шаштары тік, көздері сығыңқы, қыр мұрынды. Үстінде мектеп формасы, қолында арқа қоржыны болған.

Іздестіру жұмыстарына еріктілер мен кинологтар жұмылдырылды. 

Соңғы жаңалықтар