Мектеп оқушыларының демалысын ұйымдастыруға 4 млрд теңге бөлінді - Сағадиев

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Үкіметтің бүгінгі отырысында ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев жазғы каникулда балалардың демалысын, бос уақытын және оларды жұмыспен қамтуды ұйымдастыру жұмыстары бойынша есеп берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Биыл 1-11 сынып оқушыларының саны 2 миллион 671 мың баланы құрап отыр. Олардың жазғы демалысын ұйымдастыру үшін республикада 14 мыңға жуық денсаулық лагерьлері мен алаңдар жұмыс істейді. Жазғы лагерьлер 1 миллион 655 баланы, яғни барлық оқушылардың 61 процентін қамти алады. Каникул кезінде қосымша сабақтар ұйымдастырылады. Ал дарынды балалар мен әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасылардың балаларының жазғы демалысын ұйымдастыруға жергілікті бюджеттерден 4 миллиард теңгеден астам қаржы бөлінді», - дейді Сағадиев.

Министрдің айтуынша, ағымдағы жылы әлеуметтік жағынан аз қамтылған балаларды тегін демалыспен қамту көлемі 84,8 процентті құрап отыр. Ол - шамамен 422 мың бала.

Соңғы жаңалықтар