Мектеп басшылығының жалақысы қалай көтеріледі

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Білім және ғылым вице-министрі Бибігүл Асылова мектеп директорлары мен оқу ісі меңгерушілерінің жалақысын көтеруге қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Мектеп директорларының құзіреті кеңейіп жатқан жоқ. Біз мұғалімдердің жалақысын өсіреміз деп, мектеп басшылығының жалақысын жайдан-жай көтере алмаймыз ғой. Негізі, директорлар мен оқу ісі меңгерушілерінің қызмет бабы өзгерген жоқ, жаңа функциялар да қосылмады. Сол себепті жалақылары да сол қалпында қалды. Дегенмен, олар 9 сағатқа дейінгі оқу жүктемесін алып,сабақ бере алады. Егер ол сабақтар білімнің жаңартылған мазмұнына сәйкес келсе, онда 30 пайыздық үстеме ақыны беруге болады», - деді Б.Асылова ҚазАқпарат тілшісіне берген сұхбатында.

Вице-министрдің ойынша, мемлекеттік қызметшілердің жұмыс тиімділігін бағалау бойынша жаңа талаптарды әзірлеу керек. KPI-дің нақты үлгісі болса, мектеп директорларының жалақысын да жұмысына қарай төлеуге болады.

Айта кетейік, мұғалімдердің 30 пайыздық үстеме ақысы осы айдан бастап төленеді.

Соңғы жаңалықтар