Мексикалықтар «Канелоға» сенеді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мексиканың La Cronica басылымы Геннадий Головкин (37-0-1, 33 КО) мен Сауль Альварес (49-1-2, 34 КО) арасындағы реванш туралы көпшілік пікірін жариялады. Бұл туралы Sports.kz хабарлайды.

«Головкин мен «Канело» түрлі аудиторияны қанағаттандырды. Сол айқаста олар соққы алмасудан жалтарып қалған жоқ, тіпті кез келген басқа боксшыны сұлатып түсіретін соққылар да болды. Бірінші бөлім 16 қыркүйек күні болды, ал 5 мамырда соның жалғасы болуы тиіс. Головкин де, Альварес те қайта жұдырықтасуға дайын екенін айтады. Мексикалықтар реванш көргісі келеді әрі «Канелоға» бұрынғысынан да көбірек сенеді. Олар кезекті айқаста жеңіске жеткенін қалайды», - деп жазады басылым.

Еске сала кетсек, Головкин - Сауль Альварес реваншы 2018 жылғы 5 мамырда өтуі мүмкін.

Соңғы жаңалықтар