Мексикалық мұнай-газ компаниясының танкерінде жарылыс болды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Танкердің 30 адамнан тұратын экипажы кемені тастап кетті. Әзірге зардап шеккендер туралы мәліметтер жоқ.

Мексиканың Pemex мемлекеттік мұнай-газ компаниясының танкерінде жарылыс болып, артынан кеме өртке оранды. Оқиға шығыстағы Веракрус штатының жағалауында болды, деп хабарлайды компания өкілдері.

30 адамнан тұратын экипаж мүшелері кемені тастап шыққан. Зардап шеккендер туралы әзірге мәлімет жоқ, деп жазады tass.ru.

«Олардың барлығы қауіпсіз аймаққа көшірілді»,-делінген Pemex компаниясының твиттердегі ресми парақшасында.

80 мың баррель мұнай сиятын «Бургос» танкеріндегі өртті сөндіруге 4 өрт сөндіруші техника қатысты. Қазіргі таңда компания өкілдері жақын маңдағы елді мекендерге төніп тұрған ешқандай қауіптің жоқтығын айтты.

Соңғы жаңалықтар