Мексикадағы зілзаланың видеолары Желі арқылы тарап жатыр

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мексикада болған қуаттылығы 7,1 балдық жер сілкінісінен мерт болғандар саны артып, 119 адамды құрады. Бұл туралы ТАСС хабарлайды.

Біз бұған дейін Мексикада табиғи апаттан зардап шеккендер туралы алғашқы мәліметтерді берген болатынбыз .

Мексика ұлттық сейсмология қызметінің таратқан мәліметтеріне қарағанда, зілзаланың ошағы Ахочьяпан елді мекенінен (Морелос штаты) оңтүстік-шығысқа қарай 12 км қашықтықта болған. Табиғи апаттан 3,8 млн адам жарықсыз қалды.

Жер сілкінісінен 29 ғимарат қираған. Штатта құтқару жұмыстары жүріп жатыр. 

Соңғы жаңалықтар