Мексикада жер сілкінісінен қаза болғандар саны 248 адамға жетті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мексикада болған жер сілкінісі салдарынан 248 адам ажал құшты, деп хабарлайды Росбалт.

«Ең көп қаза болғандар Мехикода - 117 адам. Морелоста - 72, Пуэблда - 43, Эдомекста - 12 және Геррерода үш адам қаза болды», - деп мәлім етті Twitter-де елдің ұлттық-апаттық құтқару қызметінің басшысы Луис Фелипе Пуэнте.

Бұған дейін көз жұмған 139 адам туралы хабарланған болатын.

ABC News‏ телеарнасы Мексика астанасындағы жерасты дүмпулерінің салдары көрсетілген видеоларды жариялады. 

Соңғы жаңалықтар