Мексикада төрт тұрғын үй қазаншұңқырға құлады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мексиканың Монтеррей қаласында тұрғын үйлер көршілес салынып жатқан сауда орталығының шұңқырына құлап кетті. 

Бұл туралы Info7 жергілікті басылымы хабарлап, дроннан түсірілген видеоны жариялады.

Las Noticias телеарнасының дерегі бойынша, шұңқырға төрт үй құлаған.

Ондағы тұрғындарды көшірулері тиіс болған, алайда іште адамдар қалып қойған. Бірнеше адам зардап шекті, бір адам із-түзсіз жоғалғандар тізімінде.

 Оқиға орнында құтқару жұмыстары жүргізіліп жатыр. 

Соңғы жаңалықтар