Мексикада қарақшылар жүк пойызын тонау үшін жолдан тайдырды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мексикада қарақшылар тонау үшін жүк пойызын жолдан тайдырып, құлатты.

Керетаро штаты полициясының ақпаратынша, қаскөйлер рельстердегі жолға бұру тетігін өзгертіп, салдарынан локомотив қозғалыс бағытын өзгертті және бірнеше вагонмен жолдан шығып кетті. Пойыздың екі машинисі жарақаттанды. Жапа шегушілер ауруханаға жеткізілді, олардың өмірлеріне қауіп төніп тұрған жоқ.  

100 вагоннан тұратын құрамда өнеркәсіптік өндіріс қалдықтарын тасымалдағандықтан, тонаушылар санын соғып қалды, деп хабарлады РИА Новости.

Соңғы жаңалықтар