Мексикада екі бірдей қала мэріне шабуыл жасап, біреуін өлтіріп кетті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мексикада жұма күні бірден екі муниципалитет мэрі қылмыскерлердің шабуыл нысанына айналып, біреуі өлтіріліп, екіншісі  жарақат алған.

 Колима штаты бас прокуратурасының мәліметінше, Икстлауакан муниципалитетінің мэрі Криспин Гутьеррес Морено қаза тапты.

«Ол жұма күні таңертең Мансанильо-Гвадалахара тас жолында өлтірілген», - делінген ведомствоның Твиттердегі парақшасындағы хабарламасында. Қылмыскерлер көлігін жүргізіп келе жатқан шенеунікке оқ жаудырған. Сонымен қатар дәл осы жұма күні қаруланған бандиттер тобы Мичоакан штатындағы Коалькоман муниципалитетінің басшысына шабуыл жасады. Кеудесіне оқ тиген Хосе Мисаэль Гонсалес ауруханаға жеткізілді. Мичоакан қоғамдық қауіпсіздік министрлігі шабуыл жасаушыларды іздеу операциясы басталғанын мәлімдеді. 

Соңғы жаңалықтар