Мексикада болған жер сілкінісі құрбандарының саны 58-ге жетті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мексикадағы жер сілкінісі кезінде құрбан болғандар саны 58 адамға жетті, деп хабарлайды lenta.ru. Reuters агенттігіне сілтеме жасап.

Осыған дейін қаза болған 32 адам туралы хабарланған болатын. Зілзала әсіресе елдің оңтүстік бөлігіне қатты нұқсан келтірді. Оахака штатындағы Хучитан қаласында ратуша, қонақүй мен өзге де ғимараттар қирады. Матиас-Ромеро қаласындағы жаңа қонақүйдің ғимараты жер сілкінісінің салдарынан екіге бөлініп кетті.

8,0 магнитудалық жер сілкінісі 8 қыркүйек, жұма күні таң ата Мексиканың Тынық мұхиты жағалауларында тіркелген болатын.

Оның эпицентрі елдің оңтүстік шығысындағы Пихихьяпан қаласынан 96 км қашықтықта орналасқан. Зілзаладан келген нақты шығын көлемін анықтау біршама уақытты қажет етпек. Алайда бұл жер сілкінісінің соңғы 100 жылдағы ең қуаттысы екендіні анық.

Сарапшылар Мексика жағалауларымен қатар осы елге жақын орналасқан Гондурас, Никарагуа, Гватемала, Сальвадор, Коста-Рика, Панама мен Эквадор сияқты елдерде цунами болады деген болжам жасаған болатын. Толқындардың биіктігі жер сілкінісінен соң 1 метрге жетті.

Соңғы жаңалықтар