Мексикада балалар футбол командасының автобусы пойызбен соқтығысты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мексиканың Халиско штатында жүк пойызы мен автобустың соқтығысуы салдарынан болған оқиғадан кемінде 2 адам мерт болып, 15 адам жарақат алды. Бұл туралы ТАСС агенттігі жазды. 

Автобуста футболдан балалар командасының мүшелері отырған. Оларды бапкерлері футболдан өтетін жарысқа алып бара жатқан.

«Автобуста шамамен 60 адам болды. Олардың 40-ы 3 балалар футбол командасының мүшелері»,-деді өңірдің құтқару қызметінің өкілдерінің бірі Хайме Альберто Морено Качо.

Оның сөзінше, бірнеше адам ауыр жарақат алған және олардың жағдайлары да ауыр. Екі ересек азамат қайтыс болды, балалардың арасында қайтыс болған туралы ештеңе айтылмайды.

Зардап шеккендердің барлығына медициналық көмек көрсетілуде.

Соңғы жаңалықтар