Медведев ШЫҰ-да еркін сауда аумағын құру туралы ҚазАқпарат сауалына жауап берді

None
None
СОЧИ. ҚазАқпарат - РФ үкіметінің төрағасы Дмитрий Медведев ШЫҰ үкімет басшыларының Кеңесі отырысының қорытындысында БАҚ өкілдерінің сауалына жауап берді. «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі өз тарапынан ШЫҰ-да еркін сауда аумағын құру туралы сауал қойды.

«Біз қазір еркін сауда аумағын құру жұмысын талқылап жатырмыз. Мұнда ең алдымен біздің негізгі интеграциялық құрылымымыз, яғни Еуразиялық экономикалық одақ Вьетнаммен бір келісімге келіп қойған. Демек, мұндай еркін сауда аумағы құрылған. Ол жұмыс атқарып жатыр. Нәтижесі де бар. Біз талқыға алған мәселесі де жоқ емес. Бұл қашан да күрделі жайт. ЕАЭО аясына жақындауда Сингапур, Израиль және Иран қатарлы бірнеше мемлекет бар. Бірақ, бұл қашан да экономикалық мүдде тұрғысынан күрделі процесс екенін атап өткім келеді», - дейді Дмитрий Медведев ҚазАқпарат сауалына жауап бере отырып.

Оның айтуынша, ШЫҰ ауқымындағы аумақ құру күрделі мәселе.

«Қазіргі таңда біз ЕАЭО желісі бойынша бірінші жолмен, ҚХР-мен келісімге келу тұрғысынан екінші жолмен осы сұрақты талқылап жатырмыз. Қытай экономикасы өте үлкен болғандықтан, оның әлемдік экономикаға әсері зор. Сондықтан, сол модель тұрғысынан пысықтап алған дұрыс», - дейді ресейлік премьер.

Ол сонымен қатар, ШЫҰ аясында күндердің күнінде ортақ келісімге келуге болатынына сенім білдірді.

«Бірақ, бұл интеграция жасаудың жоғары сатысы болады. Мұнда ШЫҰ-на мүше елдердің барлығының қолдауы керек», - дейді Д.Медведев.

Сонымен қатар, Ресей үкімет басшысы Еуразия экономикалық одаққа мүше, бірақ ШЫҰ-ның құрамына кірмейтін мемлекеттердің де бар екенін еске салды. Осыған байланысты, ШЫҰ аясында еркін сауда аумағын құру келісіміне қол жеткізу үшін ең алдымен ЕАЭО ішінде өзара түсіністік керек.

«Бірақ, бұл келешекте өте қызықты әрі келешегі мол идея секілді», - деп сөзін аяқтады Дмитрий Медведев.

Соңғы жаңалықтар