Медсақтандыру жүйесін енгізу кезінде ХҚКО-ларда дүрбелең туғызбау керек - Сағынтаев

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Үкіметтің селекторлық режімдегі отырысында Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаев міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізу кезіндегі азаматтардың мәртебесін растау жұмыстары барысында халыққа қызмет көрсету орталықтарында дүрбелеңге жол бермеуді тапсырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Бұл міндетті әлеуметтік медициналық сақтандырумен байланысты өте маңызды мәселе. Осы ретте тағы да азаматтардың тіркелу мәртебесін растау қажет болады. Азаматтарымыз тағы да Халыққа қызмет көрсету орталықтарына келеді. Мен Ақпарат және коммуникациялар министрі мен «Азаматтар үшін Үкімет» мемлекеттік корпорациясына азаматтарды тіркеумен байланысты жағдайдың қайталанбауын тапсырамын», - деді Үкімет басшысы.

Премьер-Министр азаматтарды тіркеу барысында қиындықтарды болдырмауға бағытталған нақты тәжірибенің бар екендігін атап өтті.

«Біз адамдардың ешқандай дүрбелеңсіз тіркеліп, тиісті қызметтерді қалай жүзеге асыруы керектігін білеміз. Жұмысты дұрыс жолға қою үшін уақыт жеткілікті болды»,- деді Бақытжан Сағынтаев.

Соңғы жаңалықтар