Медициналық ұйымдарды аккредиттеуді енді квазимемлекеттік сектор бақылайды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 2018 жылдан бастап медициналық ұйымдарды аккредиттеу қызметі мемлекеттік органнан (Қоғамдық денсаулық сақтау комитеті) квазимемлекеттік секторға, яғни Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығына (ДСДРО) берілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«2017 жылдың 14 желтоқсанында ҚР ДСМ Медициналық қызмет сапасы жөніндегі біріккен комиссиясы ДСДРО-ны аккредиттеуші орган ретінде тіркеу туралы шешім жасады. Осының негізінде, 2018 жылдың 23 қаңтарында ДСДРО-ны аккредиттеу туралы (бес жыл мерзімге) куәлік шығарылды», - деп атап өтілген орталықтың хабарламасында.

Белгілі болғандай, қазіргі уақытта Қазақстанда 592 ұйым аккредиттелді, бұл жалпы медициналық ұйымның 11 пайызын құрайды.  Аккредиттелген ұйымдардың негізгі бөлігі, яғни 444-і (75%) мемлекеттік ұйымдарға тиесілі, ал 148-і (25%)  -жекеменшік ұйымдар.

Аккредиттелген ұйымдар санының төмен болуы жағдайына тоқталсақ,  2018 жылға дейін аккредиттеу қызметі ақысыз мемлекеттік қызмет ретінде жүргізілді. Бұл тұрғыда республикалық бюджеттен жылына 180 ұйымды аккредиттейтін шектеулі қаражат бөлініп келді. Қызметтің табысталуына байланысты, 2018 жылдан бастап аккредиттелуге тиіс ұйымдар саны шектелмейді әрі тіркеу қызметі денсаулық сақтау ұйымдарының қаражаты есебінен және басқа тыйым салынбаған көздер есебінен жүргізіледі.

«Аккредиттеуге өтінімдер Денсаулық сақтау министрінің  №127 бұйрығының талаптарына сәйкес қабылданады. 2018 жылы өтінімдер қабылдау үдерісі автоматтандырылады. Медициналық ұйымдардың аккредиттеуге қатысуы сапалы және қауіпсіз медициналық көмек негізінде медициналық қызмет көрсету нарығында  бәсекелестік тудыруға мүмкіндік береді. Аккредитттелген медициналық ұйымдардың кепілдендірілген медициналық көмек көлемі аясында, оның ішінде әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде қызмет көрсетуге мемлекеттік тапсырыс алуға айрықша құқығы болады», - делінген ДСДРО мәліметінде.

Соңғы жаңалықтар