Медициналық сақтандыру жүйесі қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз етуге бағытталған - Біртанов

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Хабар» телеарнасында өткен тікелей эфирдегі ток-шоу барысында ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов міндетті медициналық сақтандыру денсаулық сақтау жүйесінің қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз етуге бағытталғандығын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Болашақта біз демографиялық өзгерістердің болатындығына нық сеніміміз бар. Бізде халық қартайып, балалардың қатары артып келеді. Аурулардың сипаты да өзгеруде. Яғни, бірінші кезекке созылмалы аурулар шығып келеді. Бұл қан тамыры қысымын төмендету үшін жаңа дәрілерді, қандағы қантты бақылаудың жаңа технологияларын, онкологиялық ауруларды емдеудің жаңа технологияларын қажет етеді. Біз оларды дамыған елдерден көріп отырмыз. Осыған байланысты біз мол қаржыны қайдан алуымыз қажеттігін ойлауымыз керек.  Осы орайда медициналық әлеуметтік сақтандыру жүйесі ең бірінші кезекте қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз етуге бағытталғандығы шындық. Ал оның дамуы үшін бізге мол қаржы жинау керек, денсаулық сақтауға үлкен қаражат қажет», - деді министр.

Оның айтуынша, Қазақстанда жалпы ішкі өнімнің 1,9 пайызы денсаулық сақтау саласына жұмсалады. Ал Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымына мүше елдердегі бұл көрсеткіш 9 пайызға тең. Еліміздің мемлекеттік бюджетінен жыл сайын дамыған елдердегідей 12-13 пайыз қаржы денсаулық сақтау саласына жұмсалып келеді. Егер мұнан да мол қаржыны денсаулық сақтау саласына жұмсар болсақ, онда білім беру, құқық қорғау және қорғаныс салаларының шығыстарын қысқартуға тура келеді.

Ал министрдің уәжіне қарсылық танытқан «Талап» қолданбалы зерттеулер орталығының директоры Рахым Ошақбаев  түрлі дәлелдер арқылы міндетті медициналық сақтандырудың салықтың жаңа түрлерінің пайда болуына жол ашатындығын ашық айтты.

Соңғы жаңалықтар