Медициналық сақтандыру енгізілгеннен кейін де қант диабетін емдеу тегін болып қалады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Халықаралық диабет федерациясының мәліметіне сәйкес, әлем бойынша үлкен адамдардың 7 пайызы екінші типке жататын диабетпен ауырады, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Аталған проблема бізде де өте өзекті болып тұр. Қазақстанда соңғы он жылдың ішінде диабет ауруына шалдыққан адамдардың саны екі есеге өсті. Олардың басым бөлігі екінші типтегі диабетпен ауырады», - деді ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Ләззат Ақтаева бүгін қант диабеті мәселелеріне арналған xалықаралық конференцияда.

Оның айтуынша, Қазақстанда қант диабетінің алдын алуына арналған біраз шаралар қолға алынып келеді. Мәселен, 2011 жылы арнайы ұлттық бағдарлама қабылданды. Соның аясында жыл сайын бір жарым миллион адам скринингтен өтіп тұрады. Ал медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі аясында инсулин, глюкомерлер және тағы басқа өнімдер тегін таратылады.

«Бүгінде елімізде міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі енгізіліп жатыр. Оған сәйкес, қант диабеті де әлеуметтік маңызы бар ауруларға жатады. Бұл дегеніміз, тегін медициналық көмектің көлемі қала береді», - деп атап көрсетті вице-министр.

Соңғы жаңалықтар