Медициналық мекемелерді қағаз бастылықтан арылту керек - министр

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Медициналық мекемелерді қағаз бастылықтан арылту керек. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Аршалы ауданына жасаған жұмыс сапары барысында айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Сапар аясында министр Аршалы аудандық ауруханасы жəне Жалтыркөл ауылындағы медициналық пунктінің жұмыстарымен танысты. Медициналық нысанның техникалық жабдықталуын бақылап, дəрігерлер мен науқастардың сауалдарына құлақ түрді.

Министрдің қатысуымен өткен жиында денсаулық сақтау мекемелерін кəсіби мамандармен қамтамасыз ету, сондай-ақ, кешенді медициналық ақпараттық жүйені енгізу мәселелері сөз болды.

Аудандық аурухананың бас дəрігері Сəндібек Сембиевтің сөзіне қарағанда, Аршалы аудандық ауруханасында 46 дәрігер мен 232 медициналық қызметкер жұмыс істейді. Білікті мамандар тапшылығын шешу мақсатында аурухана әкімшілігі мектеп бітірушілермен медициналық мамандықтарды таңдау жөнінде  ақпараттық-насихат жұмыстарын жүргізіп отырады.

Кездесуде министр Елжан Біртанов науқастарға сапалы медициналық қызмет көрсету мəселесі аурухана басшылығының ұдайы назарында болуы қажеттігін баса айтты. Оған қоса, медициналық мекемелерді қағазбастылықтан арылту бағыттарында нақты міндеттерді жүктеді.

Соңғы жаңалықтар