Медициналық қызмет сапалы және қолжетімді болуы керек - Елжан Біртанов

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат  - Медициналық қызмет сапалы және қолжетімді болуы керек. Бұл туралы БҚО-ға жұмыс сапарымен келген ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Министр алдымен №3 қалалық емханада болып, осында «Емделуші кабинеті» мобильді қосымшасымен, медициналық ақпарат жүйесімен, электронды кезек барысымен танысты.  Сондай-ақ облыстық клиникалық ауруханада «КазмедИнформ» медициналық ақпараттық жүйесі мен емделушінің тіркелуден бастап жазылып шығуына дейінгі қағазсыз «жолы» көрсетілді.

null

Елжан Біртановтың айтуынша, Елбасы тапсырмасына сәйкес медициналық қызметтің сапалы да тез көрсетілуіне барынша мән берілуде. Сондай-ақ ол кез келген тұрғынға қолжетімді болуы тиіс.

null

«Қазіргі таңда қағазсыз құжат айналымына көшудің маңызы зор. Осыған орай Батыс Қазақстан облысында пилоттық жоба қолға алынып, соның жүзеге асырылу барысымен таныстық. Барлық дерек компьютерде тұратындықтан, дәрігерлер қағазбастылықтан арылып, науқастармен тікелей жұмыс жасауға мүмкіндік алады», деді министр.

Оның сөзіне қарағанда, екіншіден, жедел медициналық қызмет халықаралық талаптарға сай болуы керек. Елімізде жедел жәрдемге жүгінетіндер көп. Өкінішке қарай, кейбір көрсеткіштер басқа мемлекеттерге қарағанда, төмендеу. Сондықтан еліміздегі барлық облыстық ауруханалардың қабылдау бөлімшелері жаңғыртылып, мамандар оқытылып, триаж жүйесіне көшеді. Яғни мұнда келген науқастар үш санатқа бөлінеді. Соның ішінде ең ауыр жағдайдағы адамдарға айрықша көңіл бөлініп, соған сәйкес қызмет көрсетіледі.

null

Е.Біртанов сондай-ақ жұмыс сапары барысында Зеленов ауданында болып, содан кейін Орал қаласында денсаулық сақтау саласы қызметкерлерімен кездеседі.

null

Айта кетейік, Қазақстанның барлық медицина ұйымдарын қағазсыз жұмыс жасауға биылғы жылдың аяғына дейін көшіру көзделуде.

Соңғы жаңалықтар