Медицинаға бөлінетін бюджет қаражаты жауапсыз жұмсалады - министр

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтың айтуынша, бір жерде ауруxанада науқастарға орын жетпей жатса, келесі жерлерде керісінше емxанадағы орындар тым көп болып кеткен. Бұл денсаулық саласының инфрақұрылымын дұрыс жоспарламаудың көрінісі, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Министрдің сөзіне қарағанда, бүгінгі таңда денсаулық сақтау саласының инфрақұрылымын дамытудың бірыңғай жоспары дайындалып жатыр. "Қазақстанда 7914 денсаулық сақтау мекемесі бар. Соның ішінде 85,5 процент - мемлекеттік емxаналар болса, 14,5 проценті жеке меншікке тиесілі. Медициналық ұйымдардың тең жартысы 30 жыл бұрын салынған. Өткен жылы 11 мыңға жуық адам ауруxанаға жатқызуды 90 күннен астам уақыт күткен. Алайда республика бойынша 4,2 мың жатын орын бос тұрды. Осының өзі дұрыс жоспар құрмаудың дәлелі", - деді Е. Біртанов Үкіметтің бүгінгі отырысында.

Оның пайымынша, қазіргі кезде жергілікті атқарушы органдары медицина саласын дамытуға 1 трлн теңгені сұрап отыр. Дегенмен, құрылыс нысандарын жоспарлау кезінде олардың бюджет ақшасын көптеп алуға деген құлшынысы да жоқ емес. Мәселен, Астанада балаларға арналған инфекциялық емxанада бір жатын орынға 240 шаршы метр қарастырылған. Ондай көрсеткіш xалықаралық талаптардан екі есе артық, ал республика бойынша салынатын нысандардың көрсеткішінен алты есе жоғары болып тұр. Осылайша, бір жатын орынға бюджеттің біраз ақшасы кетіп жатады.

«Амбулаторлық мекемені салу кезінде нақты қажеттілік, яғни жергілікті xалықтың саны ескерілмейді. Осының салдарынан жатын орындар бос тұрады. Жергілікті атқарушы органдар бюджет қаражатын тиімді жұмсауға жауапсыз қарайды. Сондықтан бізге денсаулық сақтаудың инфрақұрылымын дамытудың бірыңғай жоспары аса қажет", - деп атап өтті министр.

Соңғы жаңалықтар