Медицина саласының қызметкерлеріне Нобель сыйлығы тапсырылды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 2017 жылғы физиология және медицина саласындағы Нобель сыйлығы АҚШ-тан шыққан ғалымдар тобы - Майкл Янг, Джеффери Холлу және Майкл Росбашқа табыс етілді.

Стокгольмдегі Каролин институтының Нобель комитеті топқа марапаттың циркадты ырғақты анықтайтын молекулалық механизм ойлап тапқаны үшін берілгенін мәлім етті.

 Жүлдегерлер ұйықтау, гормонды деңгей, дененің қызуы мен зат алмасуы және оның қызметінің механизмін көрсету сынды міндеттерді басқаратын жасушалардың ішіндегі перделерді зерттегені үшін марапатталды. Олардың зерттеулері дұрыс жұмыс істейтін ағзаның тәуліктік ырғағы мен адам денсаулығы арасында өзара байланыс барын дәлелдеді, деп түсіндірді Нобель комитеті. 

Джефри Холл Нью-Йорктің тумасы, 1945 жылы туған. 1974 жылдан бері Брандей университетінде жұмыс істеген, 2002 жылдан бері Мэн университетінмен бірлесіп еңбек етіп келеді. Майкл Росбаш Канзас-ситиде  дүниеге келген. Ол да Брандей университетінде жұмыс істейді. Майкл Янг 1945 жылы  Майамиде туған, 1978 жылдан бері Нью-Йорктегі Рокфеллеровский университетінде еңбек етеді. 

Соңғы жаңалықтар