Медицина мамандарын қатаң іріктеуден өткіземіз - министр Біртанов

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Денсаулық сақтау министрлігі медицина мамандықтары бойынша білім алып жүрген жастардың білімін қатаң тексеру шараларын бастамақшы, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Біз медицина түлектерінің білімін жоғары оқу орнын бітірген кезде ғана емес, оқу кезінде де қатаң бақылауды көздейміз. Қазір біз осы мәселені қарастырып жатырмыз. Оқудың басында, сосын бірінші-екінші курстан кейін болашақ дәрігерлерді жақсылап тұрып іріктеп отыру қажет. Бұл - xалықаралық тәжірибе. Себебі білімі жоқ мамандарға бюджеттен қыруар қаржы жұмсалады. Сондықтан ондай студенттерді дер кезінде анықтау қажет. Әйтпесе, өздері оқуды бітіргенде диплом ала алмай, қиналып жүреді», - деді министр Елжан Біртанов xалық алдында есеп беру кездесуі кезінде.

Министрдің айтуынша, дәрігерлердің біліктілігін тексеру жұмысы да күшейтіледі. Бүгінде дәрігерлер мен медбикелердің білімін тексеру шараларын коммерциялық ұйымдар атқарады. «Біз оны үкіметтік емес ұйымдарға беруді көздейміз. Дәрігерлер қауымдастықтары осы жұмысты өздері жүргізуі тиіс. Сонда сыбайлас жемқорлық та азаяды», - деп атап көрсетті министр.

Айта кетейік, бүгін ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов xалық алдында есеп берді. Оның айтуынша, бүгінде жыл сайынғы вакцинациядан бас тартып жатқан азаматтар аз емес. Соның ішінде діни көзқарасқа байланысты өз баласына екпе салмайтындар да бар.  Сондай-ақ, министр жедел жәрдемнің жетуі тиісті орташа уақытын жариялады. 

Соңғы жаңалықтар