Медицина қызметкерлері су тасқынынан зардап шеккен ақмолалықтарға көмек көрсетуде

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ақмола облысының медицина мекемелері су тасқынынан зардап шеккен Сандықтау және Атбасар аудандарының тұрғындарына қайырымдылық көмек көрсетуде. Бұл туралы Ақмола облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.

Медицина мамандары Көкшетау қаласынан 4,5 тонна азық-түлік пен аса қажетті заттарды алып келді. «Облыстағы медициналық ұйымдардың өкілдері Атбасар және Сандықтау аудандарының су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарына гуманитарлық көмек ұйымдастырды. Олардың арасында біздің әріптестеріміздің де отбасылары бар. Атбасарда олардың саны 37, ал Сандықтауда - 7 медицина мекемелерінің мамандары бар», - деп атап өтті Ақмола облыстық балалар ауруханасының бас дәрігері Серік Ақшалов.

Сандықтау ауылында 25 сәуір күні консультативтік көмек көрсету үшін облыс орталығындағы салалық мамандар, атап айтқанда кардиолог, невропатолог, хирург, травматолог, педиатр тұрғындарды қабылдайтын болады. Облыс орталығындағы үкіметтік емес ұйымдар да қалыс қалған жоқ. Олар да өз кезегінде халыққа көмек қолын созуда.

Еске салайық, Сандықтауда су тасқыны болды. Сарапшылардың бағалауы бойынша, бұл соңғы 50 жылдағы ең залалды тасқын болды. 300-ден астам үй су астында қалып, 852 адам эвакуацияланды. Жергілікті биліктің, құтқарушылар мен аудандағы тұрғындардың арқасында адам шығынан жол берілмеді.

 

Соңғы жаңалықтар