Медеуде мотоцикл мінген жігіт пен қыз апатқа ұшырады

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Медеуден мотоциклмен түсіп келе жатқан жігіт пен қыз жол шетіндегі тосқауылға соқтығып, аударылып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі оқиға орнынан.

Жол апаты 31 наурызға қараған түнде болған. Куәгерлердің сөзіне қарағанда, арқанжол маңында жігіт төменге құлдилаған мотоциклді басқара алмай, металл тосқауылға соғылған. Соққының күшінен жігіт 20-30 метрдей жерге ұшып кеткен.
null 

Апаттан ауыр жарақат алған жастар қалалық ауруханаға жатқызылды.
null 

Жол-көлік оқиғасының нақты себептерін қылмыстық және жол полициясы қызметкерлері тексеріп жатыр.

Соңғы жаңалықтар